Қазір аталған дерекке байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр
Қайғылы оқиға 30 қазанда болған. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Полицияға 1953 жылғы азаматтан сағат 15:00 шамасында немересінің токқа түскені туралы хабар түскен. Кейін 10 жасар баланың ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына тығылғаны анықталды. Сол кезде тоққа түсіп қалған», – делінген хабарламада.
Өкінішке қарай, бала жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған.