Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Жаңа жыл түнінде елордадағы «Авиатор» саяжайында өрт болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1 қаңтарда сағат 03:23-те «Қала маңы» тұрғын ауданының «Авиатор» саяжайында үй өртеніп, қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Үйдің біраз бөлігі қирап қалды. Қолданылған шаралардың арқасында өрт 04:24-те сөндірілді. Үй ішінен отқа күйген әйел мен еркектің денесі табылды. Өрттің себебі анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 16 адам және 3 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.