ШҚО-да адам өлтірген 19 жастағы күдікті қолға түсті
Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Бородулиха ауданында 59 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Қазан айының басында Бородулиха аудандық полиция бөлімшесіне әйел адам жүгінген. Оның айтуынша, Жаңа Шүлбі ауылындағы көшелердің біріндегі үйден ер адамның мәйіті табылғанын айтады.
«Жедел іздестіру шаралары барасында, Бородулиха ауданының 19 жастағы тұрғыны қолға түсті. Тергеу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындады», - дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.
Артынша анықталғандай, екеуі бірге ащы су ішіп отырып, жанжалдасып қалған көрінеді. Осылайша 19 жастағы жігіт бөтелкелесіне күрекпен, қайшымен бірнеше рет соққа жасаған. Ауыр жарақат салдарынан 59 жастағы азамат оқиға орнында тіл тартпай кетті.
«Адам өлтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Осы баптың санкциясы 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.