Таразда алаяқ әйел өзгенің 2,3 млн теңге тұратын әшекей бұйымдарын алып кеткен
Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп жатыр
Таразда алаяқ әйел тұрғынның 2,3 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдарын иемденіп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының полициясына Жамбыл ауданының тұрғыны – 42 жастағы әйел хабарласып, 2021 жылдың мамыр-шілде айларында 2 300 000 теңге зергерлік бұйымдарын әлдебір әйелдің сатып беремін алдап, алып кеткенін айтып шағымданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, күдікті өз кінәсін мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі таңда тергеу шаралары жалғасуда.
Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Полиция департаменті азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.