Қарағанды облысында педофил 23 жылға сотталды

Кішкентай қыз 55 жастағы ер адаммен қараусыз қалған үйден табылды

Фото ашық дереккөзден

Сот Қаражал қаласының 55 жастағы тұрғынына үкім шығарды, ол жас қызды ұрлау және оны зорлау әрекеті үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толмаған қызды ұрлау осы жылдың сәуір айында Қаражал қаласында болған. Оның ата-анасы полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қыз 55 жастағы ер адаммен қараусыз қалған үйден табылды. Нәтижесінде күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Жас баланы ұрлау және зорлау әрекеті қоғамдық резонанс тудырды. Бұл Қаражал қаласында болып отыр. Күдіктіге шешім шығып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс көрсеткіші 6,3%-ға төмендегені байқалады. Ювеналды полиция қиын жасөспірімдермен және тұрмысы нашар отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізуде», – деді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин Халықпен онлайн есеп беру кездесуінде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.