21.10.2021, 23:21
Оқиғалар
Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінде сарбаз оқ жарақатын алып, көз жұмды
20 жастағы әскерге шақырылған сарбаз кезекшілікте болған
Фото ашық дереккөзден
Қайғылы оқиға 21 қазанға қараған түні болған. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұлан «Орталық» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
«Постта сағат 01.30 шамасында әскерге шақырылған адам қару-жарақтан бас аймағына жарақат алды. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, бірақ, өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Сағат 02.20-да сарбаздың қазасы туралы хабарланды», - делінген ҚР Ұлттық ұлан "Орталық" РМК баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Қазір аталған дерек бойынша орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ал "Орталық" ТЖК қолбасшылығы қызметтік тергеу жүргізуге тапсырма берді. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Көп оқылған
12.02.2026, 16:15
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің мазасы неге қашып, олар неге хат жаза беретінін түсіндірді
12.02.2026, 17:16
Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз
12.02.2026, 06:00
Шымкентте нөсерден кейін жауған қар салдарынан ағаш құлап, 4-сынып оқушысы қаза тапты
12.02.2026, 10:58
Үйлену тойына кедергі жасаған: Ұлытау облысында жас жігіт бойжеткенді еш себепсіз 5 жыл аңдыған
12.02.2026, 16:43
Ораза айында пітір садақа беріп үлгермеген азаматтар не істеу керек