21.10.2021, 21:04
Оқиғалар
Жалға алған көлікпен жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапты
Каршеринг бойынша машинаны жалға алған қыз бен жігіт қатты жылдамдықпен келіп жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған
Фото ашық дереккөзден
Қайғылы оқиға түнгі сағат бір шамасында Алматы-Талғар тас жолында болған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Қатты соққыдан каршеринг көлігінің оң жақ бөлігі жапырылып қалған.
Темір арасына қыстырылып қалған 17 жастағы қызды шығару үшін құтқарушылар әуре-сарсаңға түскен. Бірақ бойжеткен оқиға орнында тіл тартпай кетті. Сау-тамтығы қалмаған Volkswagen polo-ны тізгіндеген 21 жастағы жігіт те ауыр жарақатпен аурухана төсегінде жан тапсырды.
Ал жеңіл көлік соғылған «Газ 53» көлігінің ішінде адам болмапты. Қазір полиция тиісті сараптама тағайындап, жол апатының себеп-салдарын анықтап жатыр.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
29.12.2025, 13:09
Қазақстанда 1991-2021 жылдары қайтыс болған кейбір адамдардың отбасына қатысты маңызды шешім қабылданды
29.12.2025, 11:10
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда он баласы бар отбасылар 173 мың теңге жәрдемақы алады
29.12.2025, 15:03
Абай облысында қасқыр атып алған жас жігіт айыппұл арқалады