Министр оқушылардың маңдайына «Дәптер» деп жазып берген мұғалімге қатысты түсініктеме берді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған оқиға Көкшетау қаласындағы мектептердің бірінде орын алған еді

Фото ашық дереккөзден

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дәптерін ұмытып кеткен 12 оқушының маңдайына «Дәптер» деп жазып берген бастауыш сынып мұғалімінің әрекетін ұстазға тән қасиет емес деп бағалады.

 «Мұғалім алдымен адамгершілігі мол және мейірімді болу керек. Әрине, бұл мұғалімге тән қасиет емес, шынымды айтсам сене алар емеспін. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты тиісті шешім қабылданды. Осы секілді оқиға қайталанбауы үшін шара қабылдап, алдын алуымыз керек. Осы тұрғыда айтып өтетін маңызды жайт, мұғалімдердің бәрі бірдей емес. Оқушыларды баласындай жақсы көріп, тәрбие, білім беріп жатқан үлгілі педагогтар жеткілікті. Өкінішке қарай, өмір болған соң теріс жағдайлар орын алып тұрады», - деді Асхат Аймағамбетов.