$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2021, 18:00
Оқиғалар

Ақмола облысының экс-шенеунігіне мемлекетаралық іздеу жарияланды

Сенімді ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы қарастырылған

Ақмола облысының экс-шенеунігіне мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі 1984 жылы туған Ақмола облысының тумасы Дастан Қайырбеков Байтұрсынұлына мемлекетаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дастан Қайырбеков ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағында (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) көзделген қылмысты жасады деп күдіктелуде.

«Іздестіріліп жатқан азаматты білетін немесе оның ықтимал орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса Агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондары арқылы немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарлауды сұраймыз.

Іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы сенімді ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы қарастырылған, анонимділікке кепілдік беріледі», - делінген Қаржы мониторингі агенттігі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары