Алматыда әйел адам кішкентай баланы көліктің астына тастамақ болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір осыған қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда әйел адам кішкентай баланы көліктің астына тастауға тырысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға желіде пайда болды және пайдаланушылардың наразылығын тудырды.

Кадрда әйел баланы көшеге шығарып, көлік жүретін жолға қалдырып кетеді. Мұны көрген ер адам баланы орнынан тұрғызып, жолдан алып кетті. Дәл осы уақытта әйел адам жүгіріп шығып, көлік кетіп бара жатқан шақта баланы тартып алмақ болады.

Бұл оқиғаны полиция былай түсіндірді.

«Қазір Наурызбай аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижесі бойынша мән-жайлар анықталып, ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», - деп атап өтті ведомствода.