Көлік тізгіндеп келе жатып жылқыға соғылған елорда тұрғыны ауруханаға жеткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жылқы иесін іздестіріп жатыр

Фото ашық дереккөзден

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 659-шы шақырымында, Бесқарағай ауылының маңында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғыны түнгі уақытта көлік тізгіндеп келе жатып, жолға атып шыққан жылқыға соғылды. Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Аталған факті аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

«Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жылқы иесін іздестіріп жатыр. Ол ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.