Атырауда 6-қабаттан құлаған 5 жасар қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Жансақтау бөліміне түскенде оның жағдайы өте ауыр болған

Фото ашық дереккөзден

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі: «Бүгін облыстық балалар ауруханасына Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйдің 6-қабатынан құлаған 5 жасар қыз жеткізілді. Жансақтау бөліміне түскенде оның жағдайы өте ауыр болды. Науқаста жабық бас-ми жарақаты болған. Жамбасы сынған, ішкі ағзасы зақымданған. Дәрігерлер 5 жасар қыздың өмірін сақтап қалу үшін емдеу шараларын жүргізді. Алайда ауыр жарақат алған науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды», деп хабарлады.