«Әйелімді қызғандым»: Атырауда ер адам туысының үйіндегі жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан

Автор: Azattyq Rýhy

Ол әпкесінің үйіне жиі қонақ болып баратын келіншегін қатты қызғанған

Атырауда жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан ер адам анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазан күні полицияға 36 жастағы атыраулық әйел хабарласып, пәтеріндегі жуынатын бөлменің қабырғасына жасырын камера орнатылғанын хабарлаған. Жеке өмірге қолсұғушылық қылмысын жасаған күдікті арызданушы азаматшаның күйеу баласы болып шықты.

Ауданда тұратын күйеу баласының айтуынша, әпкесінің үйіне жиі қонақтап баратын әйелін қызғанып, жасырын камера орнатқан, тіпті жанына қалта қуаттағышын да жалғапты. 35 жастағы күдікті қылмысын толықтай мойындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.