$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2021, 11:45
Оқиғалар

Ақтөбе облысында «ВАЗ» автокөлігі жол жөндеп жүрген жұмысшыны қағып кетті: апат салдарынан 2 адам қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Ақтөбе облысында «ВАЗ» автокөлігі жол жөндеп жүрген жұмысшыны қағып кетті: апат салдарынан 2 адам қаза тапты

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында болған жол көлік оқиғасы салдарынан екі адам қайтыс болып, тағы екеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 18 қазанда кешкі сағат сегіз шамасында Самара-Шымкент тас жолында болған. «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі жол жөнделіп жатқан бөлікте жылдамдықты төмендетпей, осы учаскедегі қозғалысты реттеп отырған ЖШС-нің 49 жастағы қызметкерін қағып кеткен. Артынша жолдың қарсы бетінде тұрған «WAF» маркалы жүк көлігіне соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан "ВАЗ-2115" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Екінші жолаушы мен ЖШС қызметкері Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген аталған хабарламада.

Автожолдың осы учаскесінде жол-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Серіктес жаңалықтары