Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 22 қызметкер мен 6 арнайы техника жұмылдырылды
Көкшетауда бес қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдалар департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай 12 қазан күні «Көктем», 5а мекенжайында болған. Жарылыс салдарынан екі адам зардап шегіп, пәтерлер арасындағы гипсокартонды қабат қирап қалған.
«Кешкі сағат 19:05 шамасында 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде жарылыс болды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 22 қызметкер мен 6 арнайы техника, жедел жәрдем қызметі бригадасының 12 қызметкері мен 4 техникасы, полиция басқармасының 16 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды», - делінген ТЖД хабарламасында.