Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
19 жастағы жүргізуші жолдың қарсы бағытына шығып кеткен
Қарағанды облысында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты. Оқиға Абай-Шахтинск тас жолында Агрогородок ауылына жақын маңда болған.
Алдын ала болжам бойынша, жолдың қарсы бағытына Lada Priora маркалы көлік шығып кетіп, «Нива» автокөлігіне соқтығысқан. Lada тізгінінде 19 жастағы жас жігіт болған.
Апат салдарынан Lada Priora-ның 18 жастағы жолаушысы – қыз бала мен, «Нива» жолаушысы – 52 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Екі жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілген. алайда, 18 жастағы жолаушы бала есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Қазіргі таңда аталған жол көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Арнайы сараптама тағайындалып, оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.