ШҚО-да жол апатынан 4 ересек адам мен 1,5 жасар сәби көз жұмды
Қайғылы оқиға 10 қазан күні түнгі сағат 01:00 шамасында болған
Шығыс Қазақстан облысында түнде төрт адамның өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 10 қазан күні түнгі сағат 01:00 шамасында Lada автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Қарауыл ауылынан Абай ауданының Саржал ауылына қарай келе жатып, жол учаскесінің 152 шақырымында рөлге ие бола алмай қалғандықтан, көлік аударылып кеткен.
«Жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші мен оның 39, 36 және 35 жастағы жолаушылары, сондай-ақ, 1,5 жастағы сәби ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сот-медициналық сараптамалар жүргізіледі.