Алматыда 12 жастағы қыз баланы көлік қағып өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға қаладағы Нұрлытау ықшамауданында болған

Алматыда Skoda жүргізушісі 12 жастағы қыз баланы қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқушы жолдың кесіп өтуге тыйым салынған тұсынан жүгіріп өткен.

«Skoda Rapid жүргізушісі Нұрлытау ықшамауданында Сапарлыжол көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, 5а үйдің алдында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша жаяу жүргінші батыс бағыттағы жүру бөлігін рұқсат етілмеген тұстан кесіп өткен», - делінген ПД хабарламасында.

Алған жарақаты салдарынан 2009 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.