$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2021, 17:43
Оқиғалар

Конгода 51 адам суға батып кетті: тағы 69 адам іздестіріліп жатыр

Кеме аударылғанда жағаға жетіп үлгерген 39 жолаушы аман қалды

Конгода 51 адам суға батып кетті: тағы 69 адам іздестіріліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-батыс бөлігіндегі өзенде кеме аударылып, жолаушылардың басым бөлігі жағаға жете алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен сейсенбіге қараған түні Конгоның солтүстік-батыс бөлігінде өзенде жолаушылар мінген кеме аударылып кеткен. Қайғылы оқиға салдарынан көз жұмғандардың мәйіті бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр.

9 қазан күні белгілі болғандай, іздеу шарасына қатысқандар 51 өлген адамның мәйітін таба алған, тағы 69 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарына енді. Бұл туралы Монгала провинциясы губернаторының мәлімдеді.

Сонымен қатар кеме аударылғанда жағаға жетіп үлгерген 39 жолаушы аман қалған.

Қазіргі уақытта кеменің не себепті аударылып кеткеніне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.   

Алдағы дүйсенбіде елде қаза болғандарды аза тұту рәсімі өтеді.

Серіктес жаңалықтары