Елімізде кәсіпорындар 20 мыңнан астам адамға 5 млрд теңгеге жуық жалақы төлемеген – Еңбек министрлігі

Автор: Azattyq Rýhy

Еңбек инспекторлары 105,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 қазандағы жағдай бойынша республиканың 772 кәсіпорнында 21,5 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 880 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 105,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,1 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 718 млн. теңге төленді.