Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Алты адам ауруханаға жеткізілген

5 қазан күндізгі сағат екілер шамасында Ақтөбе – Астрахань тас жолының 15-шақырымында екі көліктің соқтығысуымен болған жол көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Lada Largus автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Ақтөбе – Астрахань автожолында Ақтөбе қаласынан Бестамақ ауылына қарай бағытта қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, 59 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ГАЗ – 5312» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Lada Largus автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қалған алты адам Ақтөбе қаласының Жедел медициналық ауруханасына жатқызылды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға және жолдарда өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды еске алуға шақырады.