Оралда 26 жастағы жұмысшы тоққа түсіп көз жұмды
Қайғылы оқиға қала шетіндегі өндірістік аймақта болған
Оралда 26 жастағы жұмысшы тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға қала шетіндегі өндірістік аймақта болған. Теміржол бойындағы жүк вагондарын пломбалап жатқан ол абайсызда электр сымына тиіп кеткен. Тоққа түскен жігіт сол жерде жан тапсырған.
Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, азаматтың қазасына жұмыс беруші жауап береді.
«Қазіргі таңда ҚР ҚК 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл жерде мекеме басшылығына еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді деген айып тағылып отыр. Соған сәйкес сараптамалар тағайындалды», - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.