Дәрігерлер Bek Air ұшағы құлаған жерден суреттер мен видеоларды таратпауды сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Алматы маңында құлаған Fokker-100 ұшағының 12 жолаушысы жатыр

Фото: Tengrinews.kz

Дәрігерлер Bek Air ұшағы құлаған жерден суреттер мен видеоларды таратпауды сұрады, себебі бұл зардап шеккендердің психологиялық жағдайына кері әсерін беруі мүмкін, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Алматы маңында құлаған Fokker-100 ұшағының 12 жолаушысы жатыр. Мамандар олардың психологиялық жағдайы бірқалыпты, бірақ оларға демалу керектігін айтады. 

«Зардап шеккендердің психикасында мидың қайғылы жағдайды ұмытуы үшін қорғаныс механизмі жұмыс істейді. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз қазір осы адамдарға бастан кешкен қорқыныш пен үрей сезімдеріне қайтармау. Мен қазақстандықтарды әуе апаттарынан суреттер мен видеоны жаппай таратуды шектеуді сұраймын. Қазір барлығымыз бір-бірімізге көмектесуіміз керек», - дейді психолог Ксения Зидинская.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханада жатқан 12 науқастың физикалық жағдайы да тұрақталып келеді екен. 

«Емделушілер барлық қажетті ем алаып жатыр. Олар түнді тыныш өткізді, ұйықтады, тәбеті бұзылған жоқ. Кеше аяғына ота жасалған науқастыжансақтау бөлімінен палатаға ауыстыру жоспарланып отыр», - деді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Оңласын Ибекенов.

Еске салайық, әуе апатынан кейін 21 жолаушыны №4 қалалық клиникалық ауруханаға алып кеткен болатын. Олардың екеуі клиникада қайтыс болды.

«Жеті адам жан сақтау бөлімінде жатыр, 11-і бейінді бөлімдерде. Кешеден бері біз 13 ота жасадық. Қазір емделушілердің өміріне қауіп жоқ. Апатқа ұшыраған тағы бір әйелді түнде жедел жәрдемге алып келген. Оның жағдайы тұрақты, ем алып жатыр», - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Моңғол Анарбек.

Зардап шеккен тоғыз бала Алматы қалалық балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына түсті.

Осыған дейін, Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланды. 

Дереккөз: Tengrinews.kz