Елордада жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бір жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді

30 қыркүйекке қараған түні сағат 00:34-те Нұр-Сұлтан қаласында Toyota Camry тізгіндеген 19 жастағы жігіт Сарайшық бойындағы көпірде (Есіл өзені) қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетті. Нәтижесінде, ол 28 жастағы жүргізуші басқаратын Nexıa Ravon көлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан 5 адам оқиға орнында қайтыс болды: 2 жүргізуші, 3 жолаушы. Toyota Camry көлігінде болған жолаушылардың бірі ауыр халде қалалық ауруханаға жеткізілді.

Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалды.