29.09.2021, 09:22
Оқиғалар
Ақмола облысында синтетикалық есірткіні жасырмақ болған оқушы қыз ұсталды
Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: ашық дереккөзден
Ақмола облысында тәуелділік тудыратын дәрілерді жасырмақ болған оқушы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
Полиция кәмелет жасқа толмаған қыз баладан 230 таблетка тапқан. Бұл апиын санатты препараттарға жататын күшті анальгетик. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, мұндай пластиналар жасөспірімдер мен жастар арасында кеңінен танымал. Өйткені олар адамның бойындағы күш-қуатын арттырып, көңіл-күйін жақсартады деп ойлайтын көрінеді.
«Алайда бұл препарат героиннің синтетикалық түрі. Сол себепті ол есірткіге тәуелділікті тудырады», - дейді тәртіп сақшылары.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
Бүгін, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
08.11.2026, 08:31
«Қымбат махаббат»: Астаналық әйелдің бұрынғы сүйіктісі телефонын ұрлап, 2,65 млн теңге несиеге батырып кетті
08.11.2026, 11:00
Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды