Аталған факті бойынша қозғалған іс қазіргі уақытта сотқа жолданды
Солтүстік Қазақстанда танап басынан астық ұрлап сатқан күдіктілер ұсталды. Олар 10 тоннадан астам астықты арзан бағаға саудаламақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жамбыл ауданы Украинское елді мекенінің маңында учаскелік полиция инспекторы 10 мың 800 кг астықты заңсыз тасымалдау фактісін анықтады. КАМАЗ жүргізушісі жүкті аудан орталығы Пресновка маңындағы алқаптан сатып алғанын түсіндірді. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде қылмыс ашылды.
«Жедел-іздестіру барысында ауданның шаруашылықтарының бірінің екі жұмысшысы әшкереленіп, ұсталды. Комбайншылар он бір тоннаға жуық бидайды аудандағы ауылдардың тұрғынының біріне екі жүз мың теңгеге сатқаны, кейін ол жүкті өз ауылына апарғаны, учаскелік инспектордың тексеруіне тап болғаны белгілі болды. Осындай партияда бидай ұрлаудан келтірілген шығын бір миллион теңгені құрады. Ұрлық фактісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің жүз сексен сегізінші бабы екінші бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты міндетті түрде келу туралы мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ұрланған астық алынып, иелеріне қайтарылды», - дейді ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Азамат Құсайынов.
Аталған факті бойынша қозғалған іс қазіргі уақытта сотқа жолданды. Бұл – өңірде 23 тамызда басталған «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталған ірі ұрлықтардың бірі. Мобильді топ құрамындағы учаскелік инспекторлар, криминалистер мен патрульдік полиция жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылық жұмыстарына жұмылдырылған техниканың қосалқы бөлшектерін ұрлауды анықтай отырып, облыстың барлық 13 ауданында жұмыс істейді. «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы астық науқаны аяқталғанға дейін өткізіледі.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО