$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2021, 22:24
Оқиғалар

Павлодарда спорт мектебінің төбесі опырылып түсті

Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберіліп, ғимарат аумағы қоршалды

 

Павлодарда таңғы жаттығу кезінде спорт мектебінің төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Абырой болғанда, адамдар аман. Оқыс оқиға кезінде спортзалда 13 оқушы мен 3 жаттықтырушы болған. Жаттықтырушылар төбеден дыбыс естіген соң балаларды дереу қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Содан кейін ғимараттың төбе жабындысы опырылып, ортаға түскен.

«Жаттығу кезінде төбенің опырылған дауысын естідік. Бірден балалар мен жаттықтырушылар сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Ғимараттың ортасына екі үлкен төбе жабындысы құлап түсті», - деді Павлодар облыстық Туризмді және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.

Ғимарат 1984 жылы спортзал ретінде ашылған. Бірақ бұған дейін қойма ретінде пайдаланылыпты. Нысанның тиісті құжаттары жоқ, ғимараттың қашан салынғаны да белгісіз. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тек 2010 жылы ішінара жөнделген. 

«Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберіліп, ғимарат аумағы қоршалды. Құлап кету қаупі болғандықтан, оқиға орнына ешкім жіберілген жоқ. Оқыс оқиғаның нақты себебін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Комиссия құлау себебін анықтайтын болады», - деді Павлодар қалалық ТЖБ бастығы Ринат Валишанов.

Серіктес жаңалықтары