Солтүстік Қазақсанда жезөкшелік қызмет көрсеткен 15 әйел есепке алынды
Полицейлер көңіл көтеру орындарында, моншалар мен қонақ үй кешендерінде рейдтік іс-шаралар өткізді

Солтүстік Қазақстанда сауналар мен қонақүйлерде интимдік қызмет көрсеткен 15 әйел анықталды. Өңірде «Stop трафик» жедел-профилактикалық шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Тәртіп сақшылары облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарында, моншалар мен қонақ үй кешендерінде рейдтік іс-шаралар өткізді.
«Петропавл қаласындағы сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісі анықталды. Сондай-ақ іс-шара өткен уақытта ақшалай сыйақы үшін интимдік сипаттағы қызметтер көрсететін 15 әйел ақпараттық есепке қойылды. Қайыршылық үшін 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау және ашу СҚО Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.
«Stop трафик» жедел-профилактикалық шарасы – адам саудасымен, жұмыс күші және сексуалдық мақсатта пайдаланумен байланысты қылмыстарды ашуға және олардың жолын кесуге бағытталған.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО