Өскеменде 17 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Өскеменде Абай даңғылындағы «Турист» қонақ үйінің жанында жол апаты болып, 17 жастағы жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Алтайньюс.

LADA маркалы көлікті басқарған 65 жастағы жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 17 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.  

Жол-көлік оқиғасының салдарынан әртүрлі дене жарақаттарын алған жасөспірім ауруханаға жеткізілген.

«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ШҚО ПД.