Екібастұзда жұмысшы 10 метр биіктіктен құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді

Екібастұзда жұмысшы 10 метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға Қонаев көшесіндегі ұйымдардың бірінің аумағында болған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖШС-нің  30 жастағы слесарі бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде биіктігі 10 метр алаңнан құлап кеткен.

«Салдарынан ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - деді департаментте.