Оқиға Aktau Plaza тұрғын үй кешенінде болған
Aktau Plaza тұрғын үй кешені тұрғындарының айтуынша, 25 қыркүйек кешкі сағат 19:30 шамасында 1 қабат тұрғындары лифтімен бірге шахтаға құлаған. Қуанышқа орай, ешкім зардап шекпеген.
Лифті ішінде бір топ ана балаларымен бірге болған. Олар бір-біріне көмек беріп, сыртқа шықты.
«Лифті ішінде аналар мен балалар бар. Бұл не деген бейбекерекетсіздік. Бұл біздің үйде алғаш рет болып жатқан жағдай емес», - дейді шағымданушы тұрғындар.
Тұрғындардың айтуынша, үйді салған компания бұл жағдайдан хабардар. Бірақ, біле тұра ешқандай шара қолданбай отыр.
Сондай-ақ, тұрғындардың дені бұл үйге осыдан бір жыл бұрын қоныстанған. Алайда, пәтер құжаттарын әлі күнге дейін алмапты. Үй газға да қосылмаған.