Олар сот-медициналық және геномдық сараптамалар жасау үшін мекемелерге жіберіледі
Ресейдің Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Хабаровск аймағында құлаған Ан-26 ұшағының экипаж мүшелерінің дене қалдықтарын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Тексеру кезінде қаза тапқан экипаж мүшелерінің қалдықтары табылды, олар сот-медициналық және геномдық сараптамалар жасау үшін мекемелерге жіберіледі», - делінген баспасөз мәліметінде.
Еске сала кетейік, екі күн бұрын Ресейдің Хабаровск өлкесінде Ан-26 әскери ұшағы радардан жоғалып кеткен болатын. Кейін ұшақтың сынықтары табылды.