$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2021, 11:56
Оқиғалар

Шымкенттегі аттракционда ер адам қайтыс болды

Алдын ала қорытынды бойынша ер адамның жүрек талмасы ұстаған

Шымкенттегі аттракционда ер адам қайтыс болды
көрнекі фото

Шымкентте «Қиял әлемі» технопаркінде 45-50 жастағы ер адам қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады.

Otyrar.kz порталының хабарлауынша, технопаркте демалған куәгерлер марқұмның өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Оның жағдайы нашарлағанын байқаған адамдар бірден жедел жәрдем шақырған, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Алдын ала қорытынды бойынша ер адамның жүрек талмасы ұстаған. Қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері өлім себебін анықтап жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем қызметі келгенше технопарк қызметкерлері оған көмектесуге тырысқанын айтты.

Бұл факті бойынша тексеріс басталды. Технопарк жұмысы уақытша тоқтатылды.

Өкінішке қарай, бұл «Қиял әлемі» технопаркінде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Биыл мамыр айында жазатайым оқиғадан 17 жастағы жігіт мерт болған еді. Аттракционның металл құрылымына шығып, құлап кеткен бозбала жедел жәрдем қызметі келгенше, оқиға орнында жан тапсырған.

Серіктес жаңалықтары