$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2021, 12:17
Оқиғалар

Павлодарда есірткі таратқан Өзбекстан азаматы ұсталды

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды

Павлодарда есірткі таратқан Өзбекстан азаматы ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Жедел уәкілдер облыс орталығының аумағында есірткі құралдарын заңсыз таратумен айналысқан Өзбекстан Республикасының 45 жастағы азаматын анықтады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Тінту барысында жедел уәкілдер тұрғылықты жері бойынша шетелдіктен салмағы 1,300 кг "гашиш" есірткі затымен 190 түйіншек тауып алып, тәркіледі. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көмектесушінің - шетелдікпен қылмыстық байланыста болған Павлодар облысының 34 жастағы тұрғынының жеке басы белгілі болды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Ер адам тұрған ферма ғимараттарын тексерген кезде полицейлер үйдің ауласынан өсімдік тектес жасыл затпен толтырылған екі сөмкені тапты. Сарапшылар табылған заттардың салмағы 19 кг "марихуана" екенін анықтады.

Ер адамдарға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктілер күзетпен ұсталуда.

Серіктес жаңалықтары