Ұшақ бортында 6 адам болған
Ресейдің Хабаровск өлкесінде Ан-26 әскери ұшағы радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, ұшақ бортында 6 адам болған.
"Хабаровскіден оңтүстік-батысқа қарай 38 шақырым жерде бортында алты экипаж мүшесі бар Ан-26 ұшағы радардан жоғалып кетті", - деді агенттікке жедел қызмет өкілі.
Хабаровск әуежайынан жоғалған ұшақты іздеу үшін Ми-8 тікұшағы ұшып кетті.
Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін техникалық ұшуды орындағаны хабарланды.