Испаниядағы қауіпті Кумбре-Вьеха жанартауы екінші рет атқылады

Автор: Azattyq Rýhy

Аққан лаваның жылдамдығы сағатына 300 метрге дейін жетеді

Фото: ашық дереккөзден

Испанияның Ла Пальма аралындағы Кумбре-Вьеха жанартауы екінші рет атқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таудан аққан шоқ пен аспанға көтерілген күл 200-ге тарта үйді, жолдар мен фермаларды қиратқан. Құтқарушылар апатқа жақын маңда орналасқан елді мекеннің 6 мың тұрғынын эвакуациялады. Мамандар қауіп әлі де жоғары дейді.

Аққан лаваның жылдамдығы сағатына 300 метрге дейін жетеді. Жерасты дүмпулері де толастамай тұр. Жер сілкінісі Африканың солтүстік-батыс аралдарында да сезілген. Айта кетейік, Кумбре-Вьеха жанартауы өткен аптаның соңында атқылай бастаған.