Павлодарда интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды
Өңірде «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр
Жедел уәкілдер интернет-сайттарды тексеру барысында ақшаға интимдік қызмет көрсететін 5 әйелді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қыркүйекте 20 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқан 36 жастағы әйелді анықтады.
«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 308-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сол күні облыс орталығында полиция қызметкерлері 35 жастағы павлодарлықты ұстады, ол жалдамалы пәтерде 20 мың теңгеге 20 жастағы қызды интим-қызмет көрсету үшін ұсынды деп күдіктелуде. Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309 бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады департаменттен.
Құқық қорғау органдарының сақшылары іс-шараны өткізудің бірінші күні жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір фактісін анықтады. 50-ден астам құрылыс және ауыл шаруашылығы объектілері тексерілді.
Айта кету керек, аталған іс-шаралар 2021 жылғы 19-24 қыркүйек аралығында «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткізілді.