$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2021, 22:27
Оқиғалар

Ақтөбе облысында екі күнде 49 бала есепке қойылды

Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілсіз көшеде жүрген 167 жасөспірім анықталды

Ақтөбе облысында екі күнде 49 бала есепке қойылды

Ақтөбе облысында 49 бала есепке қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын сату фактілерінің жолын кесу мақсатында облыс аумағында 13-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша жасөспірімдермен және қолайсыз отбасылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады.

«Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің екі күні ішінде түнгі уақытта заңды өкілсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 167 жасөспірім анықталды, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын 31 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 49 кәмелетке толмаған және 50 қолайсыз отбасы есепке қойылды.

«Құрметті ата-аналар, Сіздерді балаларыңызды, олардың бос уақытын, қарым-қатынас ортасын тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етуге шақырамын. Есіңізде болсын, Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі ең алдымен өзіңізге байланысты!», – деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Серіктес жаңалықтары