Орал қаласының маңынан әйелдің мүрдесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнында қолғап, бинт, мақта сияқты материалдар қалған

фото: mgorod.kz

15 қыркүйекте Сағат 13:45-те Орал қаласына қарасты Ветелки ауылынан белгісіз әйелдің денесі табылды.

Орманға таяу жерден табылған адамның кім екендігін және өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Mgorod порталының жазуынша, мәйіт табылған жерде өрт болған. Шөп, ағаш және бұталардың өртенгенін байқауға болады. Сондай-ақ бұл жерге жаяу жету де қиын.

Оқиға орнында қолғап, бинт, мақта сияқты материалдар және өртенген адам шашы да қалған.