15.09.2021, 10:39
Оқиғалар
Қостанай облысында жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолында болды
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысында жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы 14 қыркүйекте болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолында ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан КамАЗ автокөлігі тіркемесінің артқы осімен соқтығысты.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған ВАЗ жолаушысы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Дегенмен көлік жүргізушісінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады ПД.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды