$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2021, 00:47
Оқиғалар

Павлодарда итті азаптағандардың әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды

Жедел жәрдем автокөлігінің итті қағып кеткені анықталды

Павлодарда итті азаптағандардың әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды

Әлеуметтік желі қолданушылары жануарларға қиянат жасағаны үшін жазаны күшейтуді талап етеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерді бақылау кезінде «Ломов көшесі 190 үйдің ауласында біреулер ит жеді» деген хабарлама жарияланған.

«Аталған факт Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Тексеру жүргізіліп, оқиға барысында жақын маңдағы үйлердің бейнебақылау камералары қаралды. 12 қыркүйек күні сағат 22.31-де итті болжам бойынша «жедел жәрдем» автокөлігі қағып кеткені анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, бұған дейін павлодарлық зооволонтерлер иттің сүйектерінің суреттерін таратқан болатын.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Сонымен қатар, облыстық жедел жәрдем станцияның баспасөз қызметі тиесілі көліктіің сол уақытта итті қағып кетпегенін хабарлады. Әдетте мұндай жағдайлар туралы дереу хабарланады.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 103 баспасөз қызметі атылған иттің жағдайы туралы хабарланғаннан кейін станцияның құқықтық және инженерлік қызметтері  оқиға орнында жедел жәрдем көліктерінің қозғалысын тексеретінін атап өткен.  

Серіктес жаңалықтары