$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.09.2021, 12:28
Оқиғалар

Ақтөбе облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды

Қайғылы оқиға Алға қаласында болды

Ақтөбе облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы Алға қаласында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

11 қыркүйекте Алға қаласында «ВАЗ 21122» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Жангелдин көшесімен жүріп келе жатып, жолдың жүру бөлігін солдан оңға қарай өтіп бара жатқан Шалқар қаласының 54 жастағы тұрғынын қағып кетті. Нәтижесінде жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Жол-көлік оқиғаларының талдауына сәйкес, осы жылдың 8 айында жүргізушілердің кінәсінен 357 ЖКО тіркелген. Жол апаты салдарынан 67 адам қаза тауып, 482 адам жарақат алды.

«Жүргізушілердің кінәсінен жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Оқиға салдарынан жазықсыз адамдардың қайтыс болатыны немесе жарақат алатыны өте өкінішті. Мас жүргізушілердің кінәсінен апаттардың алдын алу облыс полициясының басым міндеті болып қала береді. Жол қозғалысын күнделікті қадағалау және мас күйінде көлік жүргізу фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде», - деп атап өтті ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Серіктес жаңалықтары