Шығыс Қазақстанда жүк көлігі өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар жалпы ауданы 30 шаршы метр өртті сөндірді

ШҚО Ұлан ауданында «Өскемен-Семей» бағыты бойынша 88 км автожолында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

1993 жылғы «Iveko Fiat» маркалы жүк автомобилінің кабинасы, доңғалақ қақпасы, бортының жанғыш бөлшектері және тауарлық – материалдық құндылықтары жанып кеткен.

Құтқарушылар жалпы ауданы 30 ш. м. өртті сөндірді.

Өрттің алдын ала себебі - қауіптілігі жоғары қондырғыны абайсыз пайдалану.