Көкшетауда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
Тбелеске қатысқандар - 19-23 жас аралығындағы жастар
8 қыркүйек сағат 02:51 шамасында Көкшетау қаласындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында төбелес болып жатқандығы туралы хабарланған. Оқиға орнына шұғыл түрде патрульдік полиция экипажы мен жедел-тергеу тобы жіберіліп, мән-жайды анықтады.
Полицейлер анықтағандай, төбелеске қатысқандар - ойын-сауық мекемесіне келген 19-23 жас аралығындағы жастар. Мас күйде болғандардың бірі басқа топтағы жігіттерге барып, жанжал шығарған.
Полицияға барлығы төрт адам жеткізілді, оның ішінде бұрын бұзақылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған бас күдікті – 20 жастағы облыс орталығының тұрғыны бар.
Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.