$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2021, 17:57
Оқиғалар

Алматыда алкоголь өнімін қолдан жасайтын 8 астыртын цех анықталды

23 жастағы алматылық қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Алматыда алкоголь өнімін қолдан жасайтын 8 астыртын цех анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Заңсыз айналымға түсетін суррогат алкоголь өнімдерінің негізгі бөлігі астыртын цехтарда, көбінесе антисанитариялық жағдайларда жасалады.

Алматы қаласында жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар спирттік ішімдіктерді дайындап, кейін Алматы қаласының сауда орындарында сатқаны үшін 23 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Б.Камалды қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Барлығы 2021 жылдың басынан бері Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті спирт және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы саласында 16 қылмысты анықтап, суррогат алкоголь өнімдерін дайындайтын 8 астыртын цех қызметінің жолын кесті.

Заңсыз айналымнан барлығы 91 мың данадан астам жалған акциз таңбалары, «Jack Daniel’s», «Jameson», «Казахстан», «Воздух», «Зерно», «Бульбаш», «Хортица» «Царская», «Финляндия» және т. б. алкоголь өнімінің танымал маркаларының 110 мыңнан астам бөтелкесі тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары