$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.09.2021, 02:37
Оқиғалар

Ақтөбе облысындағы атышулы шошқа фермасының қожайыны сотталуы мүмкін

Кәсіпкердің өзі тағылған айыппен келіспейді

Ақтөбе облысындағы атышулы шошқа фермасының қожайыны сотталуы мүмкін

Ақтөбе облысындағы атышулы шошқа фермасының қожайыны сот алдында жауап бере бастады. Белгілі кәсіпкер Гайк Тертерян Бестамақ ауылының айналасын бүлдіріп, қоршаған ортаға залал келтіргені үшін істі болып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 332- бабының 1-бөлігі жерді бүлдіру бойынша Тертерянға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Аталған қылмыстық істің қаралуы басталды. Қылмыстың Алға ауданының Бестамақ ауылында жасалғанына байланысты іс Алға аудандық сотына қарау үшін жолданды», - деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева.

Кәсіпкерге тиесілі кешеннің жабылуын осыдан бір жыл бұрын Бестамақ ауылының тұрғындары талап еткен еді. Олар бірнеше күн бойы наразылық ұйымдастырып, шошқа фермасының айналасындағы заңсыздықтарды жайып салған. Кейін тексеру кезінде өлекселерді ауыл іргесіне көміп, қалдығын өзенге ағызып жібергендері белгілі болды.

Осыған дейін бизнесменнің былықтарына көз жұма қарағандар, оның он жыл бойы ауыл маңын бүлдіріп, экологияға залал келтіргенін мойындады. Ақыры сот шешімімен бұған дейін шошқа фермасына 7 миллиард теңге айыппұл салынып, кәріз құбырлары жабылған еді. Енді қожалықтың иесі Гайк Тертерянның өзі қылмыстық жауапқа тартылып отыр. Сот процессі онлайн өтуде. Кәсіпкердің өзі тағылған айыппен келіспейді.

 

 
Серіктес жаңалықтары