Бұған дейін Наурызбай аудандық полиция бастығының орынбасары қол астындағы қызметкеріне қол көтерді деген күдікке ілінген
Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, ПД-де жедел тәртіптік комиссия өткізілді, оның шешімімен Наурызбай аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры К. Жақыпбаев полиция бөлімінің беделін түсіргені және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі» нормаларын бұзатын әрекетті жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, бұл бөлімнің бірқатар басшылары да қызметтерінен босатылды.
«Сондай - ақ, баяндамашы өзіндік қауіпсіздік Басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК-нің 362 бабы -билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін айтты», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда полиция басшысы қол астындағы қызметкерге қол көтерді деген күдікке ілінді