31.08.2021, 10:38
Оқиғалар
Павлодар облысында жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты
Қайғылы оқиға 29 тамыз күні Екібастұз - Лесхоз автожолында болған
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Митсубиси Монтеро» автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі 1972 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен адам алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды», - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полицияда автокөлік айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 278 ЖКО тіркелген, салдарынан 20 адам қаза тауып, 410 адам жарақат алған.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды