Алматыда полиция басшысы қол астындағы қызметкерге қол көтерді деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған оқиға бойынша қызметтік тексеру басталды

Алматыда Наурызбай аудандық полиция бастығының орынбасары қол астындағы қызметкеріне қол көтерді деген күдікке ілінді.  

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша қызметтік тексеру басталды.

«Бұл факт бойынша қызметтік тексеру басталды, оның барысында бейнежазба толық зерттеліп, мән -жай анықталады. Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясы кінәлі адамдарға қатысты түбегейлі шаралар қабылдайды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.