31.08.2021, 08:56
Оқиғалар
Павлодарда төрт айлық сәбиді машина қағып кетті
Баламен бірге қарт әйел зардап шекті
Павлодарда төрт айлық сәбиді машина қағып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы өңірлік Денсаулық сақтау басқармасында хабарлады.
« Төрт айлық қыз баланың миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми зақымы келген. Бала облыстық ауруханаға жеткізілді», - делінеді хабарламада.
Баламен бірге зардап шеккен 75 жасар әйелдің кеуде қуысы, жамбас сүйегі зақымданып, оң тізесінің гематомасы тіркелді. Ол амбулаторлық жағдайда ем алуда.
Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды